OKVision® PRIMA BIO Bi-focal design линзалары (дефокустық)

PRIMA BIO BI FOCAL дефокустық линзалары — балалар мен жасөспірімдердегі миопияның үдеуін бақылауға және баяулатуға арналған бифокалдық құрылымы бар жұмсақ жанаспалы линзалар.

Линзалардың ерекше құрылымы миопияны тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Линзаның орталық бөлігі алыстағы заттарды анық көруді қамтамасыз етеді, ал шеткі бөлігі жарық сәулелерінің тор қабықтың артына фокусталуын болдырмауға көмектеседі. Бұл көз алмасының өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді.

Миопияны бақылау механизмі: жоғары аддидация (+4,0 диоптрия) есебінен миопиялық дефокус пен контраст сезімталдығының төмендеуін біріктіру. Линзаның дөңгеленген жиегі конъюнктиваның ықтимал жарақаттану қаупін азайтып, оны тағуды қауіпсіз етеді.

OKVision 3D ылғалдандыру технологиясы линзаның ішінде ылғалды сақтап, оңтайлы ылғалдандыру деңгейін қамтамасыз етеді. Ал бірінші класты ультракүлгін (UV) сүзгісі көзді ультракүлгін сәулелерден жоғары деңгейде қорғайды.

Балалардың көзіне бейімделген линза дизайнының ерекшеліктері

  • Қисықтық радиусы: 8,4 мм.
  • Миопияны түзету диапазоны: -0,5-тен -6,0 диоптрияға дейін.
  • 1,5 диоптрияға дейінгі астигматизмді түзетуге жарамды.
  • Күндізгі тағу режимі — 12 сағатқа дейін. Қалған уақытта міндетті түрде көзілдірік тағу қажет.
  • Линзаларды айына бір рет ауыстыру керек.

Линзаларды таңдау тәртібі

Маман кешенді тексеру жүргізеді. Оған мыналар кіреді:

  • Баланың денсаулық жағдайы туралы мәліметтер жинау
  • Көру өткірлігінің өзгеру динамикасын бағалау
  • Бұрын қолданылған көруді түзету әдістерін талдау
  • Авторефрактокератометрия
  • Көру өткірлігі мен бинокулярлық көруді тексеру
  • Аккомодацияны бағалау
  • Биомикроскопия

Тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, линзалардың қажетті параметрлері есептеледі.

Алғаш рет тағып көргеннен кейін бала линзаларға үйрену үшін оларды 10–15 минут бойы тағады. Содан соң маман линзалардың көзге дұрыс орналасуын және көру өткірлігін тексереді.

Бала мен ата-анасына линзаларды дұрыс тағу, шешу және күтіп ұстау ережелері үйретіледі.

Дәрігерге әр 3–4 ай сайын бақылау тексеруіне келу ұсынылады.

Линзаларды таңдау бойынша қабылдауға жазылу: 87770203344

Миопия мен қылилықты бақылау

ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ

Көру қабілетіңізге бүгіннен бастап қамқор болыңыз

Өзіңізге ыңғайлы филиалды таңдаңыз — әкімші қолайлы уақытты табуға көмектеседі.